Жаңалықтар

Ақтөбеде оқыс оқиғаға ұшыраған 10 жасар қыз комада жатыр

Ақтөбеде оқыс оқиғаға ұшыраған 10 жасар қыз комада жатыр

Ақтөбеде көлік қағып кеткен 10 жастағы қыз әлі күнге дейін комада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды Ozgeris.info

Жол апаты 2026 жылғы 2 тамызда Ембі көшесінде болған. «Диапазон» басылымының мәліметінше, Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен.

Оқиға кезінде бала үйінің маңындағы дүкенге бара жатқан.

«Ауруханада қыздың қабырғалары мен жамбас сүйектері сынғаны, сондай-ақ ашық бас-ми жарақатын алғаны анықталды. Мамандар оның жағдайын тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараларды жасап жатыр», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Барлық жаңалық