Ақтаудағы дәмханалардың бірінде отырған ер адамның бетіне белгісіз біреу оқ атып кетті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Оқиға 8 шілде күні қаладағы дәмханалардың бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, белгісіз адам ер адамға жақындап келіп, оның бетіне оқ атқан.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталды. Зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсетілді. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның өзге мән-жайлары әзірге жарияланған жоқ.