Шоу-бизнес

"Ақшасы таусылған ғой": Айдана Меденова сахнаға қайта оралатынын мәлімдеді (ВИДЕО)

"Ақшасы таусылған ғой": Айдана Меденова сахнаға қайта оралатынын мәлімдеді (ВИДЕО)

KeshYou тобының бұрынғы әншісі Айдана Меденова сахнаға оралатынын жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Әнші фанаттарынан қатты сын айтпауды сұрап, шығармашылыққа барынша көңіл бөлетінін жеткізді.

Айта кетейік, бұрын Айдана дін жолына бет бұрып, сахнадан бас тартқан.

"Мен сахнаға ораламын. Өзіме, әндеріме, шығармашылығыма ораламын. Өзіме келетін, өзіме ұнайтын форматта, мүмкін ұзату тойларда, мүмкін мемлекеттік концертте өнер көрсетермін. Ешкімге асығыс шешім қабылдамаңыздар, ешкімді асығыс сынамаңыздар", - деп жазды өнер иесі. 

Айта кетейік, Айдана Меденованы жұрт орамалын шешкелі жатыр деп шулаған еді. Сондай-ақ әншінің бұл шешімін де сынап тастады.

"Орамалмен мемлекеттік концертке кім кіргізеді?", "Ақшам азайды деші", "Ақшасы таусылған ғой, "Орамалыңды шешпе енді осы үшін", - деп жазды желі қолданушылары. 

Барлық жаңалық