Қазақстандық Eurasian Legacy бренді АҚШ нарығына шықты. Нью-Йоркке алғашқы 50 тонна ұн жеткізіліп, өнім Amazon мен Walmart платформаларына орналастырылды, деп жазады Ozgeris.info.
QazTrade мәліметінше, бұл – ұлттық тауарларды АҚШ-та ілгерілетудің алғашқы ірі қадамы, алдағы уақытта ай сайынғы жеткізілім көлемі 100 тоннадан асады.
Amazon-да 1,36 келілік қаптамасы 14,50 долларға сатылуда, алдағы уақытта ұнды мейрамханалар мен ірі ритейл-желілерге жеткізу де жоспарланып отыр.