💰 Экономика

Алтын бағасы 60 мыңнан түспей тұр

Қазақстанда алтын бағасы өсіп келеді. Ұлттық банктің индикативтік бағамы бойынша 4 қыркүйекте бір грамм алтынның құны 61,4 мың теңге болды, деп жазады Ozgeris.info. 

2025 жылдың басынан бері алтын бағасы теңгемен есептегенде 37 пайызға қымбаттады. Инфляцияны ескергенде өсім шамамен 25 пайыз деңгейінде. 

Сарапшылардың айтуынша, доллар бағамы жыл басынан бері айтарлықтай өзгермеген. Алтын бағасының өсуіне әлемдік нарықтағы сұраныстың артуы және инвесторлардың қорғаныш активтерге көшуі әсер етіп отыр.

Экономистердің болжамынша, алтын бағасы алдағы уақытта да құбылуы мүмкін. Қазіргі үрдіске қарап, 60 мың теңгелік деңгейдің сақталуы ықтимал.

Барлық жаңалық