Қоғам

Алматыда Ольга Бузованың концерті өтпейтін болды

Алматыда Ольга Бузованың концерті өтпейтін болды

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында 9 қазанға жоспарланған ресейлік әнші Ольга Бузованың концерті өтпейтін болды. Бұл туралы билет сату ұйымдастырушылары хабарлады,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ұйымдастырушылардың Instagram парақшасында жарияланған ресми мәлімдемеде концерттің ұйымдастырушыларға және орындаушыға байланысты емес себептермен тоқтатылғаны айтылған.

Сатылған билеттердің қаражаты 14 жұмыс күні ішінде көрермендерге автоматты түрде қайтарылады.

Барлық жаңалық