Алматы қаласында Розыбакиев пен Сатпаев көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы ozgeris.info сайты Newtimes.kz сайтына сілтемемен хабарлайды.
Оқиға орнының видеожазбалары әлеуметтік желілерде тез тарап жатыр. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, «Газель» маркалы автокөліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай қалып, аялдамаға соқтығысқан.
Куәгерлердің айтуынша, соққы кезінде аялдамада адамдар болған. Қатты соққының әсерінен бір жас қыз бірнеше метрге ұшып, аялдаманың шыны қабырғасын денесімен жарып өткен.
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем дәрігерлері жұмыс жасап жатыр. Жарақат алғандардың саны мен жағдайы нақтылануда.
Оқиғаның нақты себептері тергеліп жатыр.