Алматы облысы

Алматы – Өскемен тас жолында қанды апат: Екі адам көз жұмды

Алматы – Өскемен тас жолында қанды апат: Екі адам көз жұмды

Алматы – Өскемен тас жолының 94-ші шақырымында ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды. Көлік апатынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтемемен.

 

Алматы облысы полиция департаменті апаттың алдын ала себептері туралы баяндады. Алдын ала мәлімет бойынша, Changan маркалы автокөліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдағы жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысты. Содан кейін автокөлік инерциямен жолдың шетінде тұрған қоршауға (колесоотбойник) соғылған.

 

Осыдан кейін Toyota Estima көлігі Changan-ға соқтығысып, өз инерциясымен жол жиегінде тұрған тіркемеге соқтығысқан. Сонымен қатар, соққыдан Changan көлігінің қозғалтқышы қарсы бағыттағы жолға ұшып кетіп, Ford Focus көлігін зақымдаған.

 

Полиция мәліметінше, апат салдарынан Changan көлігінің жолаушылары оқиға орнында көз жұмды. Ал осы көліктің жүргізушісі мен Toyota Estima жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.

 

Қазіргі уақытта апаттың барлық мән-жайы тергеліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалған.

Барлық жаңалық