Жол-көлік оқиғасы Алматы – Өскемен тас жолында болған, деп хабарлайды ozgeris.info.
Желіде оқиға орнына түсірілген бейнежазба тарады. Ер адам көз жұмды.
"Алматы – Өскемен тас жолының 75-інші шақырымында Hyundai H350 көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады Алматы облыстық полиция.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.