Алматы – Көкпек – Көктал тасжолының 32-шақырымында бес көліктің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Алматы облысы полициясының дерегінше, алдымен Mitsubishi маркалы көлік Toyota Carina E автокөлігімен соқтығысқан. Қатты соққының салдарынан Toyota Carina E алда тұрған Volkswagen көлігіне соғылып, соның әсерінен тізбекті жол апаты орын алған. Кейін бұл соқтығысқа Toyota Camry мен Audi көліктері де тартылып, барлығы зақымданған.
Құқық қорғау органдары Mitsubishi жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, апаттың негізгі себебі – осы жүргізушінің әрекеті.
Бес көліктің барлығы түрлі деңгейде зақым алғанымен, абырой болғанда, зардап шеккендер тіркелмеген.