Шоу-бизнес

«Алла шипасын берсін»: Танымал әзілкеш Мағауия Қозбағаров дертке шалдықты

«Алла шипасын берсін»: Танымал әзілкеш Мағауия Қозбағаров дертке шалдықты

Әзіл-сықақшы, актер Мағауия Қозбағаровтың әлеуметтік желіде тараған суреті көпшіліктің назарын аударды. Кадрдан кейін желі қолданушылары өнер иесінің денсаулығына алаңдап, оған шипа тіледі, деп хабарлайды деп хабарлайды Ozgeris.info

Онымен бірге түскен суретті Instagram парақшасында әзілкеш Дархан Пірназаров жариялаған. Фотода Мағауия Қозбағаров дастархан басында отырған сәті бейнеленген.

Жазба авторы өнер иесіне жылы лебізін білдіріп, «Алла шипасын берсін, Ақ Мәкең 100 жасқа» деген тілек жазған.

Бұл жазба көпшіліктің көңілін аударған. Оқырмандар актердің денсаулығына алаңдап, пікірлерінде ақ тілектерін жаудырған.

«Мағауия ағай ма? Мәссаған, ағай ауырып қалған ба? Алла шипасын берсін, тез сауығып кетсін», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Тағы бір оқырман: «Мағауия ағамыз ғой, халықтың қанша ризашылығын алған. Алла шипасын берсін, әумин», – деген пікір қалдырған.

Айта кетейік, суреттен Мағауия Қозбағаровтың қолына таңғыш салынғанын байқауға болады. Алайда актердің нақты қандай себеппен ем қабылдап жатқаны немесе денсаулығына не болғаны әзірге белгісіз.

Барлық жаңалық