Танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова Айтбаевтар әулетінде қонақта болды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Димаш Құдайбергеннің үйіне барған ол желідегі парақшасында жазба жариялады.
"Қасиет қонған шаңырақта болуды бұйыртқан әдемі күн. Алыстан келген аналарымыздың басын қосып, дастархан басында жақсы әңгіме айтылған тамаша күн.
Киелі мекенде туылып, қасиетті шаңырақта тәлім тәрбие алған әлем мойындаған таланттың тегінің қаншалықты терең екендігіне тағы көз жеткен күн", - деп жазды Гүлнұр Оразымбетова.
Желі қолданушылары осы тұста ақ тілектерін жаудырта жазды.