Жаңалықтар

2025 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері өсуі мүмкін – министр Жақыпова

2025 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері өсуі мүмкін – министр Жақыпова

Еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) арттыруға қатысты үкіметтің алдағы жоспарларын бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында сөйлеген сөзінде министр биыл алғаш рет Еңбек министрлігі ЕТЖ-ны есептеудің жаңа әдістемесін бекіткенін атап өтті. Бұл әдіс еңбек өнімділігі, нарықтағы медианалық жалақы және инфляция деңгейі сынды көрсеткіштерді ескереді.

 

– Қазіргі уақытта бірқатар ғылыми-зерттеу институттары еңбек өнімділігі мен медианалық жалақыны өңірлер және салалар бойынша зерттеп жатыр. Бұл деректердің барлығы ЕТЖ мөлшерін нақты әрі әділ есептеу үшін қолданылады, – деді Светлана Жақыпова.

 

Министрдің айтуынша, ең төменгі жалақының жаңа мөлшері зерттеулер аяқталған соң белгілі болады.

 

– Зерттеулерді осы жылдың соңына дейін аяқтап, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕТЖ-ны өсіруді жоспарлап отырмыз, – деді ол.

Барлық жаңалық