Шоу-бизнес

"11 жас үлкен азаматқа шықтым": Ләйлә Сұлтанқызы қай жерден қателескенін айтты (ВИДЕО)

"11 жас үлкен азаматқа шықтым": Ләйлә Сұлтанқызы қай жерден қателескенін айтты (ВИДЕО)

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі жазбасында отбасы мен ана рөлі туралы ой қозғап, көпшілікті ойландырды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Ол оқырманының тұрмыстағы тәжірибесін бөлісіп, ана ретінде жіберген қателіктерін ашық жеткізген.

«Өлуге уақыт жоқ еді... 11 жас үлкен азаматқа күйеуге шықтым. Ұлым мен қызым бар. Осы уақытқа дейін включенная мама рөлінде болдым. Таңертең 8-де кеткеннен, кешке үйге зорға жететінбіз. Мектеп, қосымша, сурет, би, домбыра бассейн… күнде осы. Бір күні екі балам «әке, біз шаршаймыз» деп шағымданды. Күйеуімнің «сен балаларды ойламайсың, олар да адам ғой. Демалу керек» деген жерінде мен АТЫЛДЫМ. Сол күннен бастап екі баланы мектеп пен қосымшадан басқа ешқайда апармаймын. Жыным келгені, осының бәрін өзімнің рахатым мен еріккендігім үшін істеп жүрген сияқтымын. Қазір үшеуі маған қайта жалынп жүр. Себебі түсінді, даму тоқтап қалғанын» деп бір танысым оқиғасымен бөлісті», – деп жазды ол.

Сондай-ақ тележүргізуші әйел адамның тұрмыстағы рөлі мен ішкі еркіндігі қалай өзгеретінін де атап өтті.

«Түйгені, қыз кезіндегі дерзость, ашықтығы, еркіндігі күйеуге шыққанда автоматты түрде өзгерген. Мама рөліне енемін деп, өз сценарийіне бала-шағасы мен күйеуін бағындырғысы келген. Міне, менің ана рөліндегі қателігім дейді… Әйелдің тағдырын – бір рөлге деп алсақ, сіз қай рөлдесіз?» деп оқырмандарына сауал тастады.

Барлық жаңалық