Қазақстан елшілігі Түркияда жүрген ел азаматтарына үндеу жасады

Фото: Berkman Ulutin/ dia images via Getty Images

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен консулдықтары республика азаматтарын қазіргі жағдайға байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға үндеді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Елшілік қазақстандықтарды Стамбұлдағы жағдайға байланысты халық көп жиналатын орындарға бармауға, шерулер мен митингілерге қатысудан бас тартуға, күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағылық пен сақтыққа, жаңалықтарды қадағалап, биліктің нұсқаулықтарын орындауға шақырды. Сондай-ақ Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға кеңес берді.

Сонымен қатар Қазақстан елшілігі желіде демонстрациялар (митингтер) туралы ақпаратты және қазіргі оқиғаларға қатысты жеке баға беру мен пікір таратудан аулақ болу маңызды екенін атап өтті.

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі сол елдегі өкілдіктерінің жедел желі телефондарын ұсынды:

1. Қазақстан Республикасының Анкарадағы Елшілігі: +905352734496

2. Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығы: +905012621465

3. Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулдығы: +905394400522

4. Қазақстан Республикасының Измирдегі Бас консулдығы: +905530998789

Еске сала кетейік, халық бірнеше күннен бері Стамбұл мэрі Экрем Имамоғлының сыбайлас жемқорлық жасап, лаңкестік топтарға көмектесті деген айыппен қамауға алынуына наразылық білдіріп жатыр.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит