Қостанай облысы Ұзынкөл кентінде көбік кешінде тоқ соққан 9 жасар қыз ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қыздың қайтыс болғаны рас. Әзірге толық ақпарат бере алмаймыз, ауруханада мәліметтер жиналып жатыр», — деп болған жайды басқарма маманы телефонмен растады.
Еске салайық, Қостанай облысында көбік кешінде кішкентай қызды тоқ соққан еді.
«25 тамыз күні Ұзынкөл кентінде Жастар күніне орай көбік кеші өтті, онда 9 жасар қызды тоқ соқты. Іс-шарада кезекшілік еткен дәрігерлер оған оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қыз аудандық ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаментінен.
ПІКІР ЖАЗУ