Жаңалықтар

Теміртауда жүргізуші зейнеткерді қағып өлтірді (ВИДЕО)

Теміртауда жүргізуші зейнеткерді қағып өлтірді (ВИДЕО)

Теміртау қаласының 8-ші шағын ауданында 23 жастағы Nissan Cefiro автокөлігінің жүргізушісі тұрақтан кері жүріп шыққанда 73 жастағы әйелді соғып кеткен, деп хабарлайды ozgeris.info.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен әйел оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр.

Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерді, әсіресе аула мен тұрақта маневр жасағанда, барынша сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Барлық жаңалық