Спорт

Дастан Жозе Моуриньоға «Ордабасы» жейдесін сыйға тартты

Дастан Жозе Моуриньоға «Ордабасы» жейдесін сыйға тартты

Қазақстандық блогер Bydastan, шын есімі Дастан Мұхамедкәрім, әлемге әйгілі португалиялық бапкер Жозе Моуриньоға Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубының жейдесін сыйға тартты, деп хабарлайды Ozgeris.info

Блогер бұл сәтті әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Сыйға берілген көк түсті жейдеде Моуриньоның есімі, №1 нөмірі және «The Special One» («Ерекше жан») деген жазу бар.

Айта кетейік, Жозе Моуриньо – әлем футболындағы ең танымал бапкерлердің бірі. Ол мансабында Еуропаның бірнеше алпауыт клубын жаттықтырып, беделді халықаралық турнирлерде жеңіске жеткен. Қазақстандық блогердің әйгілі маманға отандық клубтың жейдесін тарту етуі әлеуметтік желіде қазақстандық футбол жанкүйерлерінің назарын аударған ерекше оқиға болды.

Барлық жаңалық