🏛️ Саясат
Ислам даму банкі Қазақстанның су ресурстарын дамытуға бұрын-соңды болмаған көлемде инвестиция салмақ
13.11.2024
478
Тараптар Бакуде өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясында (COP29) тиісті келісімге қол қойды. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров бұл Ислам даму банкінің тарихындағы қаржыландырған ең көлемді жобасы екенін атап өтті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Сонымен қатар Ислам даму банкі (ИДБ) Қазақстанның су саласын дамытуға $3,5 млн көлемінде өтеусіз грант бөлді.
Сондай-ақ ИДБ Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген «Климат өзгерісіне төзімді су ресурстарын дамыту» жобасын іске асыруға қатысады. Бұған дейін тараптар Жобаның бірінші кезеңі бойынша келіссөздер хаттамасына қол қойған болатын.
Қаржыландырылатын жобаның бірінші кезеңі Астана су қоймасын толықтыру жөніндегі жобаны қоса алғанда, 4 жаңа су қоймасын салуды және жұмыс істеп тұрған 4 су қоймасын реконструкциялауды, 115 каналды реконструкциялауды және күрделі жөндеуді қарастырады. Құрылыс жұмыстары Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Астана қаласында жүргізіледі.
Бұдан басқа, жоба ИДБ мен Министрлік арасындағы Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Су және өзен бассейндерінің мәселелерін зерделеудегі техникалық ынтымақтастықты, сондай-ақ су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы үшін ерте ден қою жүйелерін енгізуді бағалауды көздейді.
Оның ішінде «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын техникалық жарақтандыру және су ресурстарын басқаруды жетілдіру үшін автоматтандыру орталығын салу жоспарлануда.
«Мемлекет басшысы су саласына инвестиция тартудың маңыздылығын бірнеше рет атап көрсетті. Біздің алдымызда су инфрақұрылымын жаңғырту және болып жатқан климаттық өзгерістерге бейімдеу міндеті тұр. Ислам даму банкі сияқты беделді институттың қаржыландыруы елімізге деген жоғары сенімді, жүргізіліп жатқан инвестициялық саясат пен әлеуметтік-экономикалық реформаларды куәландырады»,-деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.
-
Бүгін Қазақстан футбол құрамасы Армениямен кездеседі18:10, 06 маусым 2026
-
"Шіркін-ай, деп қарадым": Сәкен Майғазиев екінші әйел алғысы келгенін айтты16:07, 06 маусым 2026
-
-
-
-
20 жас - 6,67 млн теңге: БЖЗҚ жариялаған шек жұртты шошытты12:46, 06 маусым 2026
-
“Тұрсынбек алып беруге жарамаған”: Мөлдір Мұқанова көлікті болды11:48, 06 маусым 2026
-
Президент Швеция Короліне жеделхат жолдады11:39, 06 маусым 2026
-
ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты мәлімдеме жасады10:16, 06 маусым 2026
-
Қызылорда облысында қыз баланың өлі денесі табылды09:03, 06 маусым 2026

"84 млн қарызы бар": Байырбекова ұлының үлкен сынаққа тап болғанын айтты (ВИДЕО)09:49, 05 маусым 2026
-
-
"Бұрынғы әйелі ме": Жұмабек Жанықұлдың отбасымен түскен суреті тарады (ФОТО)15:41, 01 маусым 2026
-
-
-
"Алланың лағнеті болсын!": Қазақстандық әжей "Кешью" тобын қарғады (ВИДЕО)12:40, 03 маусым 2026
-
"Айгүлдің өзін итерем..н депті": Заңгер танымал кәсіпкердің сұмдығын жария етті15:03, 02 маусым 2026
-
-
"Очко жинамай-ақ қойшы": Ләйлә Сұлтанқызы Мөлдірді қорғаймын деп сынға қалды10:54, 02 маусым 2026
-
Интим видеосы тараған Хан тамада темір торға түсті17:39, 02 маусым 2026
-
-
-
-
"Әкесімен жасты ғой": Гүлнұр Оразымбетова күйеуінің 70 жасын тойлады (ВИДЕО)10:02, 28 мамыр 2026
-
-
"Жеңгеміз сұлу екен": Нұрлан имам өзінің отбасын көрсетті (ФОТО)11:26, 14 мамыр 2026
-
-
"84 млн қарызы бар": Байырбекова ұлының үлкен сынаққа тап болғанын айтты (ВИДЕО)09:49, 05 маусым 2026
-
"Омырауынан сүйемін": Тоқтар Серіковтің сұхбатта айтқаны жұртты шошытты (ВИДЕО)09:51, 15 мамыр 2026
-