Белгілі шоумен және режиссер Нұртас Адамбай «Замандас» подкастына берген сұхбатында бұған дейін дінге қатысты айтқан кесімді пікірлері мен өзгерген көзқарасы туралы ашық айтты. Өнер иесі бұрын адамдарға өз ойын нақтап, "ақыл айтуға" тырысқаны қателік болғанын мойындады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Шоуменнің айтуынша, адам өз еркіне қарсы нәрсені қабылдай алмайды және ешкімге өз көзқарасын таңуға құқығы жоқ
Желіде тараған «футбол ойнау харам» деген сөзге қатысты режиссер: «Мен "харам" деген сөзді қолданған жоқпын, оны маған теліп жіберді. Биыл өз қателігімді мойындаймын: футболмен айналыспау керек, оны қарамау керек деп айтқаным таза ақымақтық болды», — деді.
Адамбай өз әрекеттерімен біреуді діннен оттолкнут (алыстатып) алуы мүмкін екенін ойлап, іштей қорқыныш сезінетінін айтты. Оның пікірінше, біреудің сеніміне нұқсан келтіру немесе оны теріс айналдыру ең ауыр нәрсе
Режиссер бұрын өз өмірінде белгілі бір «қараңғылықта» (мрак) болғанын, ал қазіргі уақытта өзі ұстанатын ислам динінен өзіне жол тапқанын жеткізді.
Сұхбат барысында Нұртас Адамбай кез келген адамның жеке басын, оның нәсіліне, дініне немесе жынысына қарамастан сыйлау керектігін және біреуге ақыл айтпас бұрын өзіңді емдеу қажеттігін баса айтты.