Шоу-бизнес

“Зорлаймын деп қорқыттым": Режиссер Ерлан Нұрғалиевтің КешYou-дың қыздары жайлы сөзі желіде дау тудырды

“Зорлаймын деп қорқыттым": Режиссер Ерлан Нұрғалиевтің КешYou-дың қыздары жайлы сөзі желіде дау тудырды

Желіде қазақстандық режиссер Ернар Нұрғалиев KeshYou тобының 20 жылдығына орай шыққан деректі фильмде айтқан сөздері үшін сынға ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Биыл KeshYou тобының құрылғанына 20 жыл толды. Осыған орай BM Production Youtube арнасында 2 бөлімді деректі фильм шығарды. Онда топтың құрылу тарихы, алғашқы қадамдар, ұжым ішіндегі интрига, бәсеке, қызғаныш, драма, эксклюзивті фактілер айтылған. 

Сұхбат барысында режиссер Ернар Нұрғалиев өзіне топтың жаңа құрамындағы қыздарды жұлдыз ету жөнінде тапсырма берілгенін айтты. Ол бұл міндетті орындау үшін түрлі әрекетке барғанын, тіпті қорқыту тәсілін де қолданғанын мойындады.

“Маған қыздарды жұлдыз қылу тапсырылды. Баян ханым өзі тапсырды. Сондықтан, оларға боқтап, айғайлап үйретуге тура келді. Тіпті, “Тағы бір рет осылай қателік жіберсең, саған не істейтінімді білмеймін, зорлаймын” деп қорқытатын едім. Олар шошитын. Олар бірінші бейнебаян деп бақыттан басы айланып жүрді. Ал маған жақсы нәтиже шығару керек болды”, – деді ол.

Режиссердің бұл мәлімдемесі желі қолданушыларына ұнамай қалды. Тіпті қазақстандық оқырмандардың бірі оның бұл тәсілін нағыз сұмдыққа балады.

“Қанша тағы уақыт үндемей отырамыз? Бұл сұмдық қой, Ернар Нұрғалиевтің “КешYOU” туралы фильмде айтып отырғаны нағыз үнсіз үрей. Егер мұны осылай қалдырсақ, онсыз да санасы уланған кейбір ер адамдар әйелдерге ойына келгенін істей береді. Бұл фильмді монтаждағандар, естерің дұрыс па өзі? Сұр водолазка киген адам кешірім сұрасын! Олар ол жерде нені “пик” етіп жауып тастаған? “Сені зорлаймын” деген сөз ме?.. Масқара! Әсел Қалиева, айналайын, қайда қарап жүрсің?” – деп жазды ол.

Оның бұл пікіріне өзге де қазақстандықтар қосылды.

“Ол қалайша мұндай сөздерді айтқан? Мұндайға қалайша жол берілген? Егер мені осылай қорқытса, мен біреуге шағым түсіретін едім, Құдай сақтасын”, “Зорлаймын” деген сұмдық қой, не айтып отыр өзі”, “Осы жерінде шошып кеттім. Түсірілім барысында ең маңызды адамдар – қыздар. Ал бұл қыздарға адам ретінде қарамай, ойына келгенді істеген сияқты”, “Біртүрлі деректі фильм”, – деп жазды олар жарысып.

Барлық жаңалық