19 тамыз күні Абай облысына қарасты Үржар ауданының Бестерек ауылында орын алған жол-көлік оқиғасына байланысты полиция қылмыстық іс тіркеді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Алдын ала деректерге сәйкес, «Toyota» автокөлігін тізгіндеген 55 жастағы азамат көлікті басқара алмай, үй қақпасының жанында, жолдан шамамен 10 метр жерде тұрған жасөспірімдерді қағып кеткен.
Қайғылы жағдайдың салдарынан екі бала оқиға орнында көз жұмған, тағы біреуі ауруханаға жеткізіліп бара жатқанда қаза тапты. Сонымен қатар үш жеткіншек түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге түсті.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/265957-abai-oblysynda-zol-apatynan-us-bala-qaza-tapty