Жаңалықтар

Түркі елдері экономикалық және мәдени ынтымақтастықты тереңдетуге келісті

Түркі мемлекеттері бірлескен даму стратегиясын қабылдап, интеграцияның жаңа кезеңін бастады. Бұл бастаманың мақсаты – ортақ тарихи-мәдени негізде байланыстарды күшейту және халықаралық аренада түркі әлемінің беделін арттыру деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

 

Жоспарда әскери ынтымақтастықты нығайту, бірлескен жаттығулар өткізу, заманауи қару-жарақ пен технологияларды ортақ пайдалану қарастырылған. Сонымен қатар, сауда кедергілерін азайту, инвестициялық жобаларды кеңейту, энергетикалық ресурстарды ортақ игеру және логистикалық инфрақұрылымды дамыту арқылы экономикалық ықпалдастықты арттыру көзделіп отыр.

 

Мәдени бағытта ортақ әліпби қалыптастыру, тілдік интеграцияны күшейту және мәдени алмасуларды ұйымдастыру маңызды міндеттердің бірі ретінде белгіленген. Сарапшылардың айтуынша, бұл бастамалар аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, түркі мемлекеттерін жаһандық саясаттағы ықпалды күшке айналдыруға мүмкіндік береді.

 

Бұл тақырып Qasqa Jol арнасындағы «Дұшпаныңның тілін білген жақсы» атты бағдарламада кеңінен талқыланды. Бағдарламада Амангелді Құрметұлы әлемдік жұлдыздардың Қазақстанды таңдауының негізгі себептерін атады. Оның пікірінше, елдің географиялық орналасуы, мәдени имиджі және халықаралық жобаларға қатысуы бұл таңдауға ықпал етеді.

 

Сондай-ақ ол Ресейдің Украинаға жасаған басқыншылығы мен соның салдарынан алған санкциялар Мәскеудің беделін әлсіреткенін, ал Түркияның соңғы жылдардағы сыртқы саясаттағы батыл қадамдары оның халықаралық беделін күшейткенін атап өтті.

Барлық жаңалық