Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салық саласын цифрландыруды жеделдету қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы «Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік органдар арасындағы цифрлық өзгерістердің жетекшісі болуы тиіс» деп мәлімдеді, деп жазады Ozgeris.info.
Президент кәсіпкерлерді негізсіз тексерістерден қорғау үшін міндетті талаптар реестрін енгізу және қолданыстағы нормаларды Кәсіпкерлік кодекске сәйкестендіруді тапсырды.
«Мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда белгілі бір нәтижеге жеттік, бірақ бизнес үшін бюрократиялық кедергілер әлі де сақталып отыр. Цифрландыру өз мақсатында жұмыс істемей отыр. Бұл жағдайды шұғыл өзгерту керек», деді Тоқаев.