Жаңалықтар

Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясында реформалар жөнінде ұсыныс жасайды

Президент Тоқаев қыркүйектің екінші жартысында БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында сөз сөйлейді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

 

Мемлекет басшысы жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, халықаралық қауіпсіздік пен тұрақты даму жолында Қазақстанның ұстанымын білдіреді. Сондай-ақ, ол БҰҰ-ның жұмысын заман талабына сай жетілдіру жөнінде бірқатар нақты ұсыныстарын таныстырады.

 

Президенттің айтуынша, көпжақты ынтымақтастықты нығайту және халықаралық құқықты құрметтеу – қазіргі таңда ең маңызды міндеттердің бірі. Қазақстан жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұруда әрдайым бейбіт диалог пен әділдік қағидатын қолдайды.

Барлық жаңалық