Қоғам

«Тойдағы шашылған тамақты көрсең, шошисың»: Жұмамұрат Шәмші ысырапты сынға алды

«Тойдағы шашылған тамақты көрсең, шошисың»: Жұмамұрат Шәмші ысырапты сынға алды

Тарихшы, қоғам белсендісі Жұмамұрат Шәмші қазақ тойларындағы ысырапшылдықты сынға алды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Ол “Адырна” YouTube арнасына берген сұхбатында Астанадағы қымбат мейрамханалар мен тойдағы тағамның рәсуа болуын сөз етті.

“Астананың өзінде 500-ден астам мейрамхана бар және ол күн сайын көбейіп жатыр. Олардың ішіне кірсең аузың аңқиып, құлағың қалқиып қалады. Жұрт сол жерге той жасағысы келеді. Қазақ жақсы өмірді аңсайды. Бірақ таяқтың екі ұшы бар ғой. Ертең де өмір сүру керек. Той 5-6 сағатта өтеді де кетеді”, – деді ол.

Сондай-ақ қоғам белсендісі тойларда желінбей қалатын астың көптігіне алаңдайтынын жеткізді.

“Тойдағы шашылып жатқан тамақтарды көрсең, жүрегің айнып, шошисың. Негізі еттің сорпасын төгуге болмайды. Ысырап, обал. Мұқтаждарға беріп жіберу керек. Бірақ ақыр соңында ертесіне шіріп кетеді”, – дейді Жұмамұрат Шәмші.

Ол қазақ халқының ежелден мейірімді халық болғанын айтып, ысырапқа жол бермеуге шақырды.

Барлық жаңалық