Жаңалықтар

Қазақстанның бірқатар өңірінде -35 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанның бірқатар өңірінде -35 градусқа дейін аяз болады

Алдағы үш тәулік ішінде Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Оzgeris.info ақпарат порталы.

 

Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталық өңірлерінде қалың қар жаууы күтіледі.

 

Батыс және оңтүстік аймақтарда жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі. Ал Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы өңірлерде қар жауады. Сонымен қатар, ел аумағында тұман түсіп, көктайғақ пайда болады, желдің күшеюі де болжануда.

 

Температуралық жағдай да айтарлықтай өзгереді. Солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы -0…-5 градустан -18…-30 градусқа дейін төмендейді. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында аяз күшейіп, сынап бағаны -33…-35 градусқа дейін жетуі мүмкін.

 

Ал еліміздің қалған аумақтарында ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.Мамандар қолайсыз ауа райына байланысты тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге, жолға шығарда ауа райы болжамын ескеруге шақырады.

Барлық жаңалық