11 шілде күні шамамен сағат 14:00-де Астана бағытындағы автожолда жол-апаты оқиғасы орын алып, салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 27 жастағы Kia Rio көлігінің жүргізушісі Астана қаласына қарай қозғалған кезде жылдамдықты шектен тыс арттырып, арақашықтықты сақтамаған. Соның салдарынан ол алдындағы Shanceman автокөлігіне соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан Kia Rio жүргізушісі мен бір жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Тағы екі жолаушы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Қарағанды облысының Полиция департаменті жүргізушілерге жол жүру ережелерін қатаң сақтау, жылдамдықты асырмау және жолда барынша мұқият болу қажеттігін ескертеді.