Жаңалықтар

Қайрат Нұртастың концертіне бармақ болған студент сан соғып қалды

Қайрат Нұртастың концертіне бармақ болған студент сан соғып қалды
Абай облысының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы әнші Қайрат Нұртастың концертіне билет сатып алмақ болып, алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 
 
Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
 
Семей қаласының полициясына медициналық колледж студенті арызданған. Оның айтуынша, бейтаныс адам әлеуметтік желі арқылы әншінің концертіне билет сататынын айтып, 10 мың теңгесін иемденген.
 

"Жәбірленуші ақшаны банк қосымшасы арқылы аударған. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол – Семей қаласының 20 жастағы тұрғыны. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ұрланған қаражат иесіне қайтарылды", – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Барлық жаңалық