Алматылық «Қайрат» футбол клубы 2026/2027 жылғы маусымда УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіне қатысу үшін өтінімге енгізілген футболшылардың тізімін жариялады. Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, тізімге 24 ойыншы енген, деп хабарлайды Ozgeris.info
Команданы қазақстандық маман Рафаэль Уразбахтин жаттықтырады. Бапкер еуродадаға бақ сынайтын футболшылардың тізімін жариялады.
«Қайраттың» Конференциялар лигасына арналған құрамы мынадай:
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков, Шерхан Қалмырза, Бақтияр Алдашев.
Қорғаушылар: Луиш Мата, Дамир Қасабулат, Лев Кургин, Александр Мартынович, Еркін Тапалов, Александр Мрынский, Александр Широбоков, Адлан Нұрғалиев, Лукас Африко, Данияр Ташпулатов.
Жартылай қорғаушылар: Әділет Садыбеков, Олжас Байбек, Яакко Оксанен, Азамат Туяқбаев, Ойва Юккола, Густаву Мендонса, Мұхамедәлі Әбіш.
Шабуылшылар: Эдмилсон, Мансұр Бірқұрманов, Марк Гуаль, Исмаил Бекболат.
Еуропалық додадағы міндет
Рафаэль Уразбахтин бастаған алматылық команда үшін Конференциялар лигасының жалпы кезеңі халықаралық аренада өз мүмкіндігін көрсетуге жол ашады. Өтінімге енгізілген 24 футболшы алдағы матчтарда команданың нәтижесіне үлес қосуға тырысады. Команданың жалпы кезеңдегі нәтижелері клубтың Еуропадағы маусымына баға беретін маңызды көрсеткіштердің бірі болады.
Алматылық «Қайраттың» Конференциялар лигасындағы өнеріне қатысты клубтың жанкүйері Нұрлан Байғалиев өз пікірін білдірді. Ол сүйікті командасына өткен ғасырдан бері жанкүйер екенін айтып, футболшыларға сенім білдірді.
«Мен «Қайратқа» өткен ғасырдан бері жанкүйермін. Сондықтан сүйікті клубымның еурододаларға шыққанын құп көремін. «Қайраттың» жастары мықты. Клуб әркез халықтың командасы бола білді. Алдағы ойындарда жігіттерге сәттілік тілеймін. Команда плей-офф кезеңіне жолдама алады деп ойлаймын. Жалпы, Рафаэль Уразбахтиннің еңбегі зор. Жігіттерге сенемін. Алға, «Қайрат»!» – деді Нұрлан Байғалиев.
Жанкүйердің пікірінше, клубтың жас ойыншылары мен бас бапкердің еңбегі алдағы еурокубок матчтарында маңызды рөл атқаруы мүмкін. Ендігі кезекте алматылық ұжымның алаңдағы нәтижесі мен жанкүйерлер сенімін ақтауы басты назарда болмақ.