Әлеуметтік желіде танымал әнші Саят Медеуовтің видеосы көпшілікті алаңдатты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Әнші Бағлан Әбдірайымов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына Саят Медеуовпен бірге түскен видеосын жариялаған.
Желі қолданушылары өнер иесінің қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдіріп, денсаулығына қатысты пікірлерін жазды.
«Азып кетіпті», «Ауырып қалған сияқты», «Алла шипасын берсін», «Саятқа не болды екен? Көзі өте мұңды», «Қатты жүдеп кеткен», «Денсаулығыңыз мықты болсын», – деп жазды желі қолданушылары.