Әлеуметтік желіде танымал продюсер Мөлдір Мұқанның отбасы мен жұбайы, әзілкеш Тұрсынбек Қабатов туралы айтқан сұхбаты қайта тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Сұхбат барысында Жанар Айжанова Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдірдің арасындағы өнердегі байланыс туралы сұрады.
«Тұрсынбекті Қабатов еткен Мөлдір ме, әлде Мөлдірді Мөлдір еткен Тұрсынбек пе?» – деп сұрады Жанар Айжанова.
Продюсер жұбайына тұрмысқа шыққан кезде оның болашақта елге танымал жұлдызға айналатынын білмегенін, сол кезден-ақ қолдауын аямағанын айтты.
«Сөзсіз, Мөлдірді Мөлдір еткен – Тұрсынбек. Мен қазақтың қарапайым, ауылдың жігітіне тұрмысқа шықтым. Мен оның атақты жұлдыз болатынын білген жоқпын. Ол кезде «Қабатов» деген дүркіреп тұрған фамилия болған жоқ. Мен тек сүйіп қосылған жанның бірімін. Егер есеппен жанып тұрған жұлдызға шықсам, ол кезде әңгіме басқаша болар еді. Дегенмен, оның жұлдыз болуына әсерім тиді деп толық сенімді айта аламын», – деді Мөлдір Мұқан.