🏛️ Саясат

Бектенов: Жыл соңына дейін инфляция 10%-дан аспауы тиіс

Бектенов: Жыл соңына дейін инфляция 10%-дан аспауы тиіс

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның төлем балансы көрсеткіштерінің жақсарғанын атап өтті. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында экспорттың озық қарқынмен өсуі нәтижесінде ағымдағы шотта $2,4 млрд профицит қалыптасты. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде $3,6 млрд тапшылық тіркелген болатын, деп жазады Ozgeris.info.

Премьер-министр экономикалық өсім барынша теңгерімді әрі сапалы сипат алып келетінін, бұл еліміздің өндірістік әлеуетін одан әрі кеңейту үшін негіз қалыптастырып отырғанын атап өтті.

Олжас Бектенов инфляциялық қысымды төмендету шараларына ерекше назар аударды.

Үкімет пен Ұлттық банктің үйлесімді жұмысы инфляциялық қысымды төмендетуге мүмкіндік берді. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция баяулап, 9,3%-ды құрады. Биыл басты міндет – инфляцияны 10%-дан төмен деңгейінде ұстап тұру.

Жалпы алғанда, экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету бойынша одан әрі шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді.

 

Барлық жаңалық