Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы өмірден өтті, деп жазады Ozgeris.info.
Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында хабарлады.
«Сәкен Майғазиев ағамыздың анасы дүниеден озды. Алла жанын жәннатта етсін», – деп жазды әнші.
Марқұммен қоштасу рәсімі 14 қазанда сағат 15:00-де Түркістан облысы Созақ ауылында, өз шаңырағында өтеді.