Экономика

Мәди Тәкиев: Мемлекеттік бюджетке 20,2 трлн теңге кіріс түсті

Мәди Тәкиев: Мемлекеттік бюджетке 20,2 трлн теңге кіріс түсті

Қаржы министрі Мәди Тәкиев биылғы тоғыз айдың көрсеткіші бойынша мемлекеттік қаржының атқарылуы туралы баяндады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

"Трансферттерді есепке алмағанда, мемлекеттік бюджеттің кірістері 20,2 трлн теңгені құрап, жоспар 98,5%-ға орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 16,3%-ға жетіп, 2,8 трлн теңгені құрады. Бұл ретте өткен жылмен салыстырғанда салық түсімдері 3 трлн теңгеге артып, жалпы өсім қарқыны 130,3%-ды құрады", – деді министр Үкімет отырысында.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, республикалық бюджет кірістері 2,7 трлн теңгені құрап, шамамен 26%-ға артқан. Түсімдердің өсіміне экспорттық тауарлардың әлемдік бағасы, сауда айналымының өсімі және салық мөлшерлемесінің өзгеруі әсер етті. 

 

Барлық жаңалық