Қоғам

«Халықтың тілегі қабыл болды»: Дариға Бадықова мен Олжас Абай үйленді (ВИДЕО)

«Халықтың тілегі қабыл болды»: Дариға Бадықова мен Олжас Абай үйленді (ВИДЕО)

Танымал актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абай дүркіретіп той жасап, ресми түрде некелесті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иелері тойдан түсірілген видеоларды әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялап, қуаныштарымен бөлісті. Тойға өнер жұлдыздары қатысқан.

«Халықтың тілегі қабыл болды. Біз тек келістік», – деп жазды Дариға Бадықова.

Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа ақ тілектерін жаудырса, енді бірі олардың қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді.

«Бақытты болыңыздар», «Екеуі керемет жарасады», «Халықтың тілеуі деме, көкбет екенсіңдер», «Қай халық сендердің қосылғандарыңды тілеп жүр?», «Олжастың балаларына обал», «Дариға Олжастың жанында майысып қалыпты», – деп жазды көпшілік.

Барлық жаңалық