Шоу-бизнес

«Бөпелері бір ай бұрын қырқынан шықты»: Тележүргізуші Олжас пен Дариғаның құпиясын ашты

«Бөпелері бір ай бұрын қырқынан шықты»: Тележүргізуші Олжас пен Дариғаның құпиясын ашты

Олжас Абай мен Дариға Бадықованың тойында төбе көрсеткен Ләйлә Сұлтанқызы күтпеген жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол жұлдызды жұптың "сәбиі" барын айтты. 

"Олжас пен Дариғаның бөпесінің қырқынан шыққанына бір ай толды. 

Кино әлемі бір бөлек, ал өмірде Олжас пен Дариға — біздің @mariyam_fund_kz қорының демеушілері. Олар қолдау көрсеткен оралдық жұп бірнеше жыл бойы ата-ана болуды армандап, талай қиындықты бастан өткерген. Бірнеше сәтсіз ЭКО әрекетінен кейін, қорымыздың қолдауымен армандарына жетіп, бүгінде ата-ана атанып, бақытқа кенеліп отыр.

Біреудің қолдауы — бір отбасының өмірін өзгертіп, үлкен арманын ақиқатқа айналдыруы мүмкін", деп жазды Сұлтанқызы. 

 

Барлық жаңалық