Тележүргізуші Дана Нұржігіт қоғамда қызу талқыланатын жалғызбасты әйелдер мәселесін көтерді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Еске сала кетейік, тележүргізуші сталкинг тақырыбын көтеріп жүрген еліміздегі қоғам белсенділерінің бірі. Ол жаңа жазбсында тағы да әйел тақырыбын көтеріп, көпті осы тақырыпқа бей-жай қарамауға шақырған.
«Жалғызбасты ана! Шындыққа тіке қарайтын болсақ, сен бұрынғыдай сұлу адам емессің. «Жалғызбасты әйелдің етегін я ел, я жел ашады» деген сөз бар. Сондықтан сөйлесіп жүрген біреуің болса, етегінен ұста да, тәуекел ет!
Ол мықты азамат, сырлас досының бұл сөзіне құлақ түрді. Бірақ бұл әңгіме үлкен қасіреттің басы болатынын ол кезде ол білген жоқ», — деп қысқа қайырды ол.