Желіде әнші Гүлнұр Оразымбетованың қонақта ән салып отырған видеосы тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Видео кадрларын Ержан Белғозиев бөлісті.
"Үйде құрылыспен айналысып жүріп, белімді ауыртып алдым. Жүріп-тұру, қозғалу қиындыққа түсті. Бір кеште Жасан Зекейұлы досым үйге келіп, алтын инесін салып кетті. 2–3 күнде жақсы болдым. Жасай клиникасына сол үшін рақметімді жеткізгім келеді!
Нұрғисаев Серікбай ағамен бірге ем қабылдадық. Қазір екеуміздің де денсаулығымыз жақсы. Емнен кейін кешкі асқа үйге шақырдым. Денсаулықтың арқасында достарыңмен сырласып, Сырласу әнін айтқанға не жетсін!", деп жазды ол.
Осы тұста көпшіліктің көзі Гүлнұр Оразымбетова мен оның күйеуіне түскен.
"Біздің күйеу бала көңілсіз ғой", "Қызылорданың күйеу баласы неге әнге қосылмай отыр", "Осы жылы 70-ке келеді ғой күйеуі, тек үлкен кісілер. Құдай сақтасын. Әрине, жағдайы жақсы болса да Гүлнұрға обал ғой", "Күйеуі бұрын Қызылорданың әкімі болған, осы кісіден екі ұлы бар", "Махаббат жасқа қарамайды деген осы шығар", деді олар.