Қоғам

Қорғаныс министрлігіндегі аудитке 61 маман тартылды: 50 әскери бөлім тексеріліп жатыр

Қорғаныс министрлігіндегі аудитке 61 маман тартылды: 50 әскери бөлім тексеріліп жатыр

Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев Қорғаныс министрлігіне бөлінетін қаражаттың жұмсалуын тексеру туралы айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оның сөзінше, Қаржы министрлігі бюджетті жоспарлаумен қатар, қаражаттың тиімді жұмсалуын да бақылайды. Бұған дейін жүргізілген аудиттер барысында бірқатар қателік пен заңбұзушылық анықталған.

Президент тапсырмасымен құрылған комиссия жұмысына Қаржы министрлігінің мамандары да қосылды. Қазір 61 аудитор 50 әскери бөлімді тексеріп жатыр.

«Егер заңбұзушылықтар анықталса, материалдарды құзырлы органдарға жібереміз», – деді Мәди Тәкиев.

Барлық жаңалық