Үкімет отырысында 2026 жылдың тоғыз айындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысын қарау кезінде Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық өсім серпініне, шикізаттық емес салалардың үлесіне және олардың әлеуетін одан әрі ашу жөніндегі шараларға ерекше назар аударды, деп жазады Ozgeris.info.
— деп атап өтті Олжас Бектенов.
Атап айтқанда, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, көлік, сауда және ауыл шаруашылығы салаларында оң динамика қалыптасты. Бұлардың ЖІӨ-нің өсуіне қосқан жиынтық үлесі шамамен 80,5%-ды құрайды.
Премьер-министр аталған бағыттарда өсу әлеуеті бұдан да жоғары екенін, сондықтан қолда бар резервтерді толық іске қосу қажеттігін атап өтті. Оны өңдеу өнеркәсібі, ақпарат, байланыс, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларындағы жоғары инвестициялық белсенділіктен, сондай-ақ шикізаттық емес экспорт көрсеткіштерінен де байқауға болады.