Қоғам

«Қыстырылған боққа ұқсап»: Гүлзира Айдарбекова Бағдагүл емшіні орнына қойды

«Қыстырылған боққа ұқсап»: Гүлзира Айдарбекова Бағдагүл емшіні орнына қойды

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова атышулы Бағдагүл емшіге жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бағдагүл емші Қайрат Нұртастың Шымкентте өткен концертіне қатысты сын айтып, әлеуметтік желіде видео жариялаған.

«Жаным сол, Бағдагүл, тексерте берсей. Біз баяғыдан әр табысымызға өкіметке салық төлейміз. Ол деген халыққа да табыс түседі деген сөз. Сен сияқты әмиян сатып, дұға оқып, су сатып, өзіңнің суретіңді іліп қойып, “дұға оқып су іш” деп сатты деп елдер жазып, шулап еді. Сауданың көкесі сенде ғой, аңқау елге арамза молда болып. Әй, дәл сен маған ақыл айтпашы. Басқа біреу айтсын ең болмағанда. Быт-быттап алдымнан шыға берді ғой, құрысын», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

 

Сонымен қатар продюсер Бағдагүл емшінің халық атынан сөйлегеніне де наразылығын білдірді.

«Бұл қатын өзін сот төрағасымын не халықтың депутатымын деп жүр-ау. Бұларсыз да халық айтарын айтып, жазарын жазып, сот өз жұмысын жасап жатыр. Ешкім ойыншық ойнап отырған жоқ. Таңғалғаным, дереу сөзін бұрып, халықтың атынан сөйлейді екен. Иландырудың амалы, менің сөзімді сөйлесін деген халықтың құйтырқылығы ғой. Мәә, өзгеріп сала береді екен. Құдды бұл халықтың адамы, біз сонда көшенің адамы екенбіз. Қыстырылған боққа ұқсап, қыстырылмайтын жері жоқ екен. Сонда “адам өлді” деп жариялағаны шындық па бұл қатынның? Елді азғырып жүреді қашан көрсең де» – деді продюсер.

Барлық жаңалық