Шоу-бизнес

«Қаңғып жүргеннен сол артық»: Бақыт Тұрман «Қарттар үйінде» тұратынын айтты

«Қаңғып жүргеннен сол артық»: Бақыт Тұрман «Қарттар үйінде» тұратынын айтты

Қайрат Әділгерейдің жұбайы Бақыт Тұрман тағы да мәлімдемесімен жұртты шулатты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Әзілкештің әйелі бұл жолғы сұхбатында "Қарттар үйін" қолдаған. 

"Егер адамның баратын жері болмаса онда "Қарттар үйі" ең дұрыс жер. Көшеде қаңғып жүргеннен сол артық. Ол жерде саған қарайды, тамағың мен жылы төсегің, құрдастарың бар. Сол жерде тым жақсы өмір сүресің. Әрине, балаңның сені бағатын жағдайы болса онда өз шаңырағың жақсы. Біреуге қиындық туғызып, балаң аяққа тұра алмай жатса, "Қарттар үйі" дұрыс шешім. Мен солай дұрыс деп есептеймін", деді ол. 

Желі қолданушылары Бақыт Тұрманның бұл ойына қатысты түрлі пікір жазды. 

 

Барлық жаңалық