Павлодар облысында 18 жастағы мотоцикл жүргізушісі жылқымен соқтығысып, қаза тапты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Жол апаты 10 қазанға қараған түні Ольгинка ауылына кіреберісте болған. Жедел жәрдем қызметіне шақырту сағат 23:20-да түскен. Медицина мамандары оқиға орнына тоғыз минут ішінде жеткенімен, жас жігіттің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Ольгинка – Ямышево» автожолында Sycmcc маркалы мотоцикл қатысқан жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір апаттың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Ал жылқының иесі мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін жауапқа тартылған.