Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «ExxonMobil» компаниясының өкілімен кездесіп, еліміздегі ірі мұнай жобаларының жұмысын талқылады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Үкімет басшысының орынбасары халықаралық қатынастар жөніндегі директор Юрия Киммен көмірсутек өндіру мен экспорттық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне тоқталды. Әсіресе Теңіз және Қашаған кен орындарын одан әрі дамытып, Каспий құбыр консорциумының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету басты назарда болды.
Кездесу барысында шетелдік компания өкілі Нұрлыбек Нәлібаевты жаңа қызметімен құттықтап, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге сенім білдірді. Өз кезегінде шенеунік саладағы инфрақұрылым сенімділігін сақтау маңызды екенін атап өтті. Бұл ретте Қазақстан үкіметі инвесторларға қолайлы жағдай жасауды жалғастыра беретіні белгілі болды.
Жиын соңында тараптар басталған инвестициялық жобаларды ары қарай пысықтап, өзара ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.