Қоғам

Қазақстандық блогер Жозе Моуриньюге шапан жауып, тоғызқұмалақ сыйлады

Қазақстандық блогер Жозе Моуриньюге шапан жауып, тоғызқұмалақ сыйлады

Қазақстандық тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым Мадридте  әлемге әйгілі футбол жаттықтырушысы, мадридтік «Реалдың» бас бапкері Жозе Моуриньюмен кездесті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Дастанның сөзінше, оның әлеуметтік желідегі видеосына Coca-Cola компаниясының өкілі назар аударған. Кейін блогерді Мадридке шақырып, өзімен бірге Қазақстанда өндірілген сусынды алып барып, Жозе Моуриньюге дәм татқызуды ұсынған.

«Тағы бір ерекше жаңалық! Жақында ғана сіздерге Қазақстанның көпшілік біле бермейтін мақтан тұтар жетістіктерін көрсетіп жүрген едім. Ал бүгін, міне, аты аңызға айналған Жозе Моуриньюдің өзіне Қазақстан туралы айтып тұрмын. Мен үшін бұл – ерекше әрі ұмытылмас сәт», – деп жазды блогер.

Кездесу барысында Дастан Мұхамедрахым әйгілі футбол жаттықтырушысымен еркін әңгімелесіп, Қазақстан туралы айтып берген. Сондай-ақ оған қазақ халқының ұлттық зияткерлік ойыны – тоғызқұмалақты сыйлаған.

Барлық жаңалық