Қоғам

«Иманын жолдас етсін»: Аша Матай отбасындағы жағдаймен бөлісті

«Иманын жолдас етсін»: Аша Матай отбасындағы жағдаймен бөлісті

Танымал әнші Аша Матай нағашы атасына ас берілгенін айтып, жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Бүгін нағашы атам Мұхитденов Мақсат Зайлағиұлына әжеміз ас беріп жатыр. Шакираға бара алмайтын болдым. Алдын ала білмегендіктен, жоспарым басқаша еді. Бірақ приоритет деген бар ғой, таңдауға келгенде билеттерімді құрбыма бере салдым. Алла атамыздың жатқан жерін жайлы, топырағын торқа, иманын жолдас етсін. Әжемізге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық берсін. Берілген ас қабыл болып, атамыздың рухына бағышталған дұғалар қабыл болсын!»,– деді ол. 

Өнер иесі нағашы әжесінің жүрегі әрдайым сағынышқа толы екенін айтты. 

«Басына бардым, сөйлессем – үндемейді…» деген әжемнің бір ауыз сөзінің өзінде қаншама сағыныш, қаншама мұң жатыр… Жүрегі сағынған жанын іздейді, көңілі бір ауыз жауабын күтеді. Шынайы махаббат деген осы шығар… Уақыт өтсе де, сағыныш басылмайды, жүректегі орны ешқашан өзгермейді»,– деп жазды Аша Матай. 

Барлық жаңалық