Әнші Сәкен Майғазиев көзіне жас алып, анасының соңғы сәтін еске алды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өнер иесі көпшілікті ананың қадіріне жетіп, көзі тірісінде оған көңіл бөлуге шақырды.
«Қазір анасы барлар, әсіресе жастар, осы жерден шыға сала аналарыңызға қоңырау шалыңыздар. Не керек екенін сұраңыздар, денсаулығын біліңіздер. Қай жері ауырып жүргенін біліп, барлығын қадағалаңыздар. Бәрі кеш болып қалмасын. Аллаға шүкір, мен бақытты перзенттердің бірімін. «Разымын» деген сөзді бірнеше рет естідім. Соңғы үш рет ауылға барған кезімде әлеуметтік желіге салған жоқпын. Өйткені бүкіл қазақ күтіп отыратын. Қайта-қайта жазып, «Анаңызға бірдеңе болып қалған жоқ па?», «Бәрі тыныш па, неге салмай кеттіңіз?» деп сұрайтын. Анам тазаланып, аппақ болып, нұрланып, әдемі жантәсілім етіпті. Анам «Жылы су берші» депті. Жылы суды түтікшемен беріп жүргенбіз. Соны ішіп болды да, жай ғана ұйықтап кете барды», – деді әнші.