Қоғам

«Не үшін салдың?»: Сәкен Майғазиевтің анасының видеосын салған Кенжебектің басы дауға қалды (ВИДЕО)

«Не үшін салдың?»: Сәкен Майғазиевтің анасының видеосын салған Кенжебектің басы дауға қалды (ВИДЕО)

«Мұзарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің анасы туралы жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Музарт мүшесі Кенжебек Жанәбілов Сәкеннің марқұм анасының видеосын жариялаған. Өнер иесінің марқұм анасын еске алған жазбасына желі қолданушылары әртүрлі пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бірі әншіге көңіл айтып, марқұмның рухына дұға бағыштаса, енді бірі жеке естеліктерді көпшілікке жариялаудың мәніне қатысты сұрақ қойды.

Жазбаға пікір қалдырған адам Кенжебек Жәнәбіловке сауал қойып, мұндай естеліктерді әлеуметтік желіде жариялаудың себебіне күмән келтірді.

«Бұны не үшін бұл бауырым салды екен деген ойда мен ғана ма? Хеш, бардың, халін білдің, бұл дүниелер адамның тек жадында сақталмауы керек пе? Не үшін жария қылып жатырсың?», – деп жазды ол.

Өзге қолданушылар марқұмның жатқан жері жайлы болуын тілеп, көңіл айтты.

Осылайша, ана туралы естелік жазба желіде әртүрлі пікір туғызды.

Барлық жаңалық