«Астана» клубының бас бапкері Григорий Бабаян команданың қаржылық жағдайы мен жаңа инвестор іздеу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info
Маманның айтуынша, клубтағы бірқатар қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер әлі шешімін таппаған. Бұл жағдай командаға қысым түсіріп, келесі маусымға дайындық жоспарын жасауға кедергі келтіріп отыр.
Бабаянның сөзінше, инвестор мәселесі ұзаққа созылып кеткен. Енді клуб басшылығының нақты шешім қабылдауы маңызды. Өйткені маусымның аяқталуына аз уақыт қалды, ал команда қысқы оқу-жаттығу жиындарын өткізу мен құрамды жасақтау жұмыстарын жоспарлауы керек.
Бас бапкер «Астана» секілді клубтың инвесторсыз ұзақ уақыт қалуын түсіну қиын екенін атап өтті. Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының аяқталуына екі тур қалғанда «Астана» 52 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында тұр.